Павлодарда егіздер шеруі өтіп жатыр. LIVE

Биыл Павлодар облысында 24 егіз дүние есігін ашыпты. Әзірге үшем жоқ. Бірақ егіздер шеруіне қатысып жатқан бүлдіршіндердің арасынан бірнеше үшемді көзіміз шалды. Жүзге жуық баланы сахнаға шақырғанда жүргізушілер олардың жетістіктеріне жекелей тоқталып өтті. Соған қарап егіздердің өте дарынды болатынына көзім жеткендей. Бүлдіршіндердің барлық сала бойынша бағындырған белестері бар. Армандары да көп.