Алматыдағы конференцияда көпір құрылымдарын бақылау жайы қозғалды

Көпір саларда оның құрылымдары мен арқалықтарының сапасына баса мән беру керек.

Осылай дегенмен, елде оны қадағалайтын тиісті мекеме жоқ. Осыдан барып, көпір құрылысына қатысты сын айтылып жатады. Сондықтан қадағалаушы орган керек. Себебі құрылыс компанияларының бәрі бірдей ережені сақтай бермейді, - дейді сала мамандары  Бұл жайында Алматыда өткен темірбетон құрылғыларының сапасы мен жер сілкінісіне қарсы төзімділігін талқылауға арналған конференцияда айтылды. Оған өз елімізбен қоса, шетелдік жобалаушылар мен инженерлер қатысып ортақ мәселелерді сараптады. Елімізде ұзақ жылдан бері көпір құрылымдарын шағарып келе жатқан зауыт өкілдерінің айтуынша, жаппай жаңа өнімді қолданатын кез жетті. Бұл көпірдің сапасын арттырып қана қоймай, оның өзіндік құнының төмендеуіне әсер етеді.

Данияр Ыбырайымов, зауыттың сынақ зертханасының басшысы:

- Мысалы, ескі өнімдермен бір «пролетқа» 10 «балка» саласыз. Біздің өнім бойынша 6-7 «балка» саласыз. 10 «балканың» орнына 6 «балкамен» салып шығасыз. Көпір құрылымын шығару оңай сияқты көрініп, басқа да мекемелер қолға алып жатыр. Бірақ оларда мол тәжірибе жоқ. Екіншіден, яғни сапасының қандай деңгейде болу керектігін білмейді. Сондықтан осының барлығын көрсетіп, талқылап қадалағап отыратын қадағалаушы орган болады.