Синоптиктер: Абай облысында жаңбыр жауады

Алдағы 3 күнде Абай облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер осындай болжам жасап отыр. Күн райы өңірдегі орман өртімен күресіп жатқан құтқарушылардың жұмысын жеңілдетуі тиіс. Алайда облыстың кейбір аймағында күшті жел соғып, кейде екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.