Абай облысындағы өртке қатысты тексеріс жүргізіледі

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өртіне қатысты арнайы жедел-тергеу тобын құрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір негізгі 3 нұсқа бар, оның бірі – от қою. Бұл жайында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Ведомство басшысы тиісті тергеу жүргізілетінін айтты. Немқұрайлық таныту мен жай түсуі де өртке себеп болуы мүмкін. Мәселенің мән-жайы 2 ай мерзім ішінде анықталуға тиіс.  

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Тергеудің заңмен белгіленген мерзімі бар. Ол бірден 2 айға беріледі. Оның барысында барлық жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Әділетті тергеу үшін арнайы прокурорлардың басшылығымен жедел топ құрылды. Біздің қызметкерлер осы топқа кіреді. Президент Бас прокурорға тапсырды. Соның аясында тиісті тексеріс жүргізіледі.