Ұлттық құрылтайдың алғашқы күні үш тақырып қаузалады

Түркістанда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтіп жатыр.

Алқалы жиынның алғашқы күні үш тақырып қаузалады. «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият» сондай-ақ «Білім және ғылым». Алғашқы отырыс Фараб кітапханасында ұйымдастырылды. Модераторы - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева. Бірінші сессияда Ұлттық құрылтай мүшелері, азаматтық қоғамды дамыту, этнос-аралық бірлікті нығайту, ұлттық идеология, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің рөлі мәселелерін талқылады. Ертең алқалы жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған. Ұлттық құрылтай екі күн болады. Арнамыздың тілшілері шарадан толыққанды ақпарат таратады.

Аида Балаева, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Ұлттық құрылтай хатшысы:

- Бүгін құрылтайдың жұмысы үш тақырып секция аясында жүргізілді. Нәтижесінде, 50-жден астам Ұлттық құрылтай  мүшесі сөз алып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Осылайша құрылтайдың бірінші күнінің қорытындысы бойынша ұзын саны 100-ден астам ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстар мазмұны жағынан да, мән маңызы жағынан да өте ауқымды және көптеген бағыттарды қамтиды. Осы жұмыс секциялары отырысының қорытындысы бойынша, жиналған барлық ұсыныстарды мемлекет басшысының назарына жеткізіп, мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асыру арнайы жоспары әзірленетін болады.