Елордада Аstana Half жартылай марафоны өтіп жатыр

Таңғы 7.00-де басталған іс-шарада еліміздің түкпір-түкпірінен және  әлемнің 20-ға жуық елінен келген спортшылар бақ сынауда.

Қазақстанға ғана емес, Орта Азия елдері арасында беделі биік мрафонға қатысуға биыл алты мыңға жуық адам өтініш білдірген. Жарысқа қатысушылар 10 және 21 шақырым қашықтықта сынға түсті.

Иса Қалқа, ұйымдастырушы:

- Біз әйгілі  Алматы марафонын 2017 жылдан бастап жүргізіп келе жатырмыз.  міне 11 жыл болды. Өткен 2022 жылдан  бастап елордамызда бірінші  рет жартылай марафоннан бастауды шештік. Одан кейін Түркістан қалалаларында, жалпы өзіміздің Қазақстанның  түкпір-түпкірлерінде өңірлерінде  жарыстар өткізетін жоспапрларымыз бар.