СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы тойланды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерейтойға арналған жиын ақынның туған жері, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Сарытомар ауылында өтті. Ерлан Қошанов ақынның жерлестерін мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. «Мағжан Жұмабаев – қазақтың ғана емес, тұтас түркі жұртының мақтанышы. Ақынның шығармашылығын терең зерделеп, жан-жақты дәріптеу керек», - деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Ақынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары халқымыздың жүрегіне жол тауып, руханиятымыздың алтын қорына енді. Артында өлмейтұғын сөз қалдырған ақынның мол әдеби мұрасы талай буынға өнеге болары сөзсіз. Оның өміршең өлеңдері халықпен бірге жасай береді.

 

 

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­