28 маусым күні Құрбан айт басталады

Ертең исі мұсылман баласы үшін Құрбан айт басталады.

3 күнге созылатын Айт күндері құрбандық шалынып, алдымен туыс-туғанға, кейін мұқтаж адамдарға Алланың ризашылығы үшін таратылады. Құрбан шалу рәсімі елде онлайн форматта да өтеді. Құрбан шалудың уақыты 28 маусым күні Айт намазынан кейін басталып, 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни, аталған уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешіктіруге болмайды. Ал Айт намазы Астана қаласында таңғы 6:00 де басталады.