Алматыда 14 орында құрбандық шалынады

Алматыдағы 54 мешітте таңғы сағат алтыда айт намазы оқылды.

Үш күндік мерекеге орай 10 мешіттің ауласына киіз үй тігіліп, осында келген ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға дастарқан жайылды. Ал қарттар мен балалар үйлеріне айт қоржындары жіберіледі. Қалада құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 14 орын бекітілген. Сондай-ақ онлайн түрде құрбандыққа тапсырыс беру «qurban2023.kz» сайты арқылы жүзеге асырылады. Құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініштер де осы сайтта қабылданады.

Төлеби Оспан, қаланың бас имамы:

- Отбасылық мереке екенін де ұмытпағанымыз жөн. Бүгін осы мерекені сезінбеген отбасы мүшелері қалмауы керек. Балалар, ата-аналар, ағайын, туыс-туысқандарымыз және осы күндері бұл мереке болғандықтан ренжісіп қалғандар, араз болғандар осы күні татуласып, мерекенің имандылық сән-салтанатына сай атап өтуге тырысқаны жөн деп білеміз.