Атырауда Құрбан айт - халықтың мерекесіне айналды

Биыл облыс аудандары, Атырау қаласының өз басы әр көше, аула тұрғындары ұлық мерекені атап өтті.

Берқайыр Аманшин көшесінде әуелі балуандар күресті. Сонан соң арқан тарту, қол күресі, қой көтеру секілді спорт түрлерінен көше жастары өзара мықтыны анықтады. Мереке барысында балаларға түрлі ойын алаңдары жасақталып, балмұздақ тегін таратылды. Ал ересектер құрбан айт мейрамы құрметіне тігілген шатырларда бас қосты. Мұның бәрін қалалық мәдениет және бұқаралық спортты дамыту клубы мен жастар ұйымдастырған. Құрбан айт қала бойынша 16 көшеде аталып өтті. 

Ғалымжан Ермұқашев, қала тұрғыны:

- Айтты жақсы мереке етіп өткізіп жатыр. Қазақша күрес өтіп жатыр, арқан тартып жатыр. Ата-аналар үшін жақсы көңілді шара өтіп жатыр. Мерекеден мерекеге жете берейік!

Махамбет Сарымолда, шараны ұйымдастырушы:

- Бүгінгі өтіп жатиқан шара жастарға үлгі болсын деп еліміздің бірлігі болсын, қазағымыздың әрбір мейрамы осы құрбан айт секілді болсын дегіміз келеді. Ауылымздың жастары осындай бірлікте болып, осындай үлкен  құрбан айт мейрамын жасап жатыр. Болашақта бұл жалғасын табады.