Қазақстанда 3670 онлайн казино бұғатталды

Биыл елімізде 5 букмекерлік кеңсенің лицензиясы тоқтатылып, 3670 интернет-казино бұғатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған олардың қарыздары, заңсыз тіркеу, міндетті резервтік талаптарды орындамауы және басқа да заңбұзушылықтар негіз болған.

Ал былтыр 4 ойын автоматы залына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде 1 зал жабылып лицензиясынан айырылды, үшеуінің қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды.