Таразда халықаралық стандарттарға сай келетін аквапарк ашылды

Ауқымды демалыс орны бір мезетте 2 мың демалушыны қабылдай алады.

Құрылысы 2 жыл бұрын басталған демалыс орталығы бүгін салтанатты түрде ашылды. Мұнда балалар мен жасөспірімдер, ересектерге арналған төрт түрлі бассейн бар. 14 түрлі аттракцион мен 12 метрлік сырғанау алаңы Түркиядан алынған. Мұнда астану орындары мен медициналық пункт және құтқарушылар қызмет етеді.

Айбек Оршубеков, "Зербұлақ" аквапаркінің директоры:

- Қауіпсіздік жағынан 4 спасатель болады қарап отыратын. Әр бассейнде 4-тен 8-ге дейін фильтрлер, қондырғылар бар. Еуропалық сападағы химияны алып келдік, сатып алдық. Солар әр 2 сағат сайын суды тазалап таза суды қайтадан бассейнге құйып отырады.

Демалыс аймағында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Қызметкерлердің жалақылары 100-150 мың теңге аралығында. Жаңа ашылған аквапарк тұрғындардың жаздың ыстығында тынығып, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Гүлім Жақыпбекова, қала тұрғыны:

- Осындай ойын-сауық орнының ашылғаны өте қуанышты сәт болып отыр. 2 апта бұрын астана қаласынан осы Зербұлақтың ашылуына анпар келіп отырмыз. Ашылуын күтіп бірінші болып кіріп отырмыз.

Демалыс орталығына кіру құны ересектер үшін 5 мың теңге. Ал балалаға 4 мың теңге болып бекітілген. Билет құнына аквапарктегі атракциондарда сырғанау кіреді.

Қайрат Исмаил, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- 17 гектар жер кәсіпкерге осы жобаны іске асыруға рәсімделіп берілді. Бассейндер 3 гектердан астам жерде алып отыр. Сондай-ақ бұл 17 гектардың ішінде Зербұлақ көлі бар әрі қонақ үйге арналған орындар бар.

Кешен -  Орта Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналады. Алдағы уақытта мұнда бес жұздызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар салынбақ.

Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә