Жамбыл облысында коммуналдық қызмет ақысы қымбаттайды

Жамбыл облысында су, жылу және электр қуаты 6 пайызға қымбаттайды.

Бұл туралы аймақтық табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлімдеді. Тарифтің көтерілуіне бірнеше фактор себеп. Соның бірі – коммуналдық сала қызметкерлерінің мардымсыз жалақысы және қызмет көрсетуші мекемелердің экономикалық жағдайы. Мысалы «Жамбыл электр желілері» 79 пайызға тозса, «Тараз Энерго Орталығының» жылу желілерінің 73 пайызы ескірген. Тұрғындар коммуналдық қызмет ақысын жаңа бағамен 6 шілдеден бастап төлейді.

Алмат Абдрайхан, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- Біздің президентіміздің жолдауы бойынша 2029-жылға дейін 15 пайызға дейін тозу деңгейін түсіру болып отыр. Сол жылда 2-3 пайызға тозу деңгейін түсіру басты жоспар. Республикалық облыстық жергілікті бюджеттен қаражаттар қаралатын болады. Тариф көтерілсе мысалға биыл 6 пайызға деп отымын ғой. Келесі жылы инфляция деңгейіне қарай көтеуіміз мүмкін.