Павлодар облысында қарақұрт пайда болды

Зиянкес жәндіктердің ұяларын Баянауыл ауданында демалып жүрген тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан.

Энтамолог-ғалымдардың пайымдауынша, қарақұрттың күрт таралуының екі себебі бар. Біріншіден, көктем мен жаздың басындағы құрғақшылық олардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызуы мүмкін. Улы өрмекшілер шөлейтті жерлерде ғана тіршілік етеді. Екіншіден, олар еліміздің оңтүстік өңірлерінен көптеп тасымалданатын жеміс-жидек, көкөніс өнімдерімен бірге әкелінуі мүмкін. Қарақұрттар әзірге тек Баянауыл ауданында анықталды. Қазір жәндіктердің адам шағу дерегі тіркелген жоқ, дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, аймақта қарақұрттың жаппай таралуы осыдан 16 жыл бұрын тіркелді.

Қанат Ахметов, биология ғылымының докторы:

- Қарақұрттың осы жақта пайда болуына немесе ареалының қайта қалыптасуына логистика себеп болуы да мүмкін. Логистика деген не? Енді біздің жаққа түрлі көкніс әкелінеді Оңтүстік жақтан. Ол жақта қарақұрт кәдүмгі жәндіктердің бірі. Негізі қарақұрттардың мекендейтін жерлері шөл, шөлейт жерлер және құрғақ дала. Біздің облысты ңбасым бөлігі құрғақ дала, Павлодар да құрғақ дала.