Елордада «Байқоңыр» ауданының 5 жылдығына орай мерекелік жиын өтті

Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Астананың 25 жылдығы мен «Байқоңыр» ауданының 5 жылдығына орай мерекелік жиын өтті.

Салтанатты шара барысында осы ауданда еңбек етіп келе жатқан түрлі сала мамандары марапатталды. Көп балалы аналарға  «Алтын» және «Күміс» алқа табысталды. Аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев «бес жылдықты «Байқоңыр» табысты қорытындылап отыр» деді. Ғарыш орталығының аты берілген ауданда 240 мыңдай тұрғын бар. 5 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 35 үй жөнделген. 200-ге жуық аула абаттандырылып, отыз мың түп ағаш егілді. 92 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 20 жабық аялдама орнатылды. Жауаптылардың сөзінше, жыл сайын 3 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетіледі.