Президент Төтенше жағдайлар министрін қабылдады

Төтенше жағдайлар министрлігіне трансформация жасалады.

Ведомство басшысы Сырым Шәріпханов бүгін осы бағытта атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Министрдің айтуынша, төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға басымдық беріледі. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.