Германияда екі әуежайдың жұмысы шектелді

Оған наразылық акциялары себеп.

Гамбург және Дюссельдорф қалаларында экобелсенділер ұшу-қону жолағына өтіп кеткен. Соның салдарынан қазір екі әуежайда да лайнерлер ұшып-қона алмай жатыр. Наразы топ осылайша биліктің назарын климаттың өзгеруі мәселесіне аударғысы келген. Олар елде әлі күнге дейін бұл проблемамен күресу бойынша нақты жоспар жоғын айтып ашынуда.

Айта кеткен жөн, ауаның ластануындағы авиация шығындыларының үлесі 3 пайыз шамасында. Пойызбен салыстырғанда, ұшақтан бөлінетін көмір қышқыл газының мөлшері 77 есе көп.