20 шілдеге дейін еліміз бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

20 шілдеге дейін еліміздің барлық өңірінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған іс-шара «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Астанада өткен жәрмеңкеге AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов барды. Төраға жұмыс берушілермен жүздесіп, жастармен әңгімелесті. Қоғамның жас буынын толғандыратын негізгі мәселенің бірі жұмыс екенін айтып, бастама олар үшін ыңғайлы екенін атап өтті.

Жәрмеңкеге 70-тен астам жұмыс беруші қатысты. 1300-ге жуық бос орын ұсынылды. Жалпы «Жастарға жұмыс» жобасы биыл қаңтарда бастау алды. Жарты жылда өткен 120-дан астам жәрмеңкеге 90 мыңнан астам адам қатысып, олардың 18,6%-і жұмысқа орналасты.