Экология министрлігі коммуналдық қалдықтарды өңдеуді арттырмақ

2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көрсеткіші 40%-ға дейін жетеді.

Бұл Экология министрлігінің жоспары. Ал 2040 жылға қарай ауылдардағы халық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату қызметтерімен толық қамтылуы тиіс. Премьер-Министр «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес өткізіп, осы мәселелерді талқылады. Жиында ауаны ластайтын заттар шығынын азайтып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерін қорғау, сондай-ақ орман алқабын кеңейту шаралары сөз болды. Премьер-министр Экология министрлігіне жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жеделдетіп, жобаны 1 желтоқсанға дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырды.