Маңғыстау облысында 33 бала қызылша жұқтырды

Эпедмиолог-дәрігерлердің айтуынша, жыл басынан бері 48 жағдай тіркеліп отыр.

Соның ішінде 36 науқастан алынған қан сынамалары оң нәтиже көрсеткен. Қазір барлығы да оқшауланып, тиісті емдік шаралары көрсетіліп жатыр.

Айта кетсек, өңірде қызылшаға шалдығу дерегі соңғы рет 2020 жылы байқалған. Ол кезде 361 адам ауырған. «Ауа арқылы таралатын вирусты жұқпалы аурудан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Қазір облыста 16 мың 400 доза екпе бар», - дейді ақ халаттылар. Сырқат асқынған жағдайда адамның көру-есту қабілеті нашарлап, тіптен жүрегі сыр беруі мүмкін.

Бердібек Саралтаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Ақтау қаласында 13 жағдай тіркеліп отыр. Жаңаөзен қаласында 10 жағдай, Мұнайлы ауданында 8, Қарақия және Түпқараған ауданында 2 жағдайдан, Бейнеу ауданында 1 жағдай тіркеліп отыр. 36-ның 33-і 14 жасқа дейінгі балалардың арасында тіркеліп отыр. Оның ішінде 15 бала үйдегі балалардың арасынан, 8 бала мектеп оқушысы, 6 бала балабақшаға баратын балалардың арасында ауырып отыр. Облысымызда «вспышка» дейміз, ондай жағдай тіркелген жоқ.