Еліміздің жылу маусымына дайындығы пысықталды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен селекторлық кеңеске барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент әкімдері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғын үйлер мен нысандарды үздіксіз жылумен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдар жоспарлы дайындығын жүргізіп жатыр. Энергия нысандары, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелердің құбырларын жөндеу, ауыстыру және жаңарту қолға алынған. Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдері баяндама жасады. Құзырлы органдардың жауапты өкілдері де дайындық бойынша есеп берді. Роман Скляр аймақ басшыларына жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.