Ақтөбе орманшыларына 50-ден астам арнайы техника берілді

Орман шаруашылықтарының материалдық базасын нығайту мақсатында биыл облыстық бюджеттен 904 миллион теңге бөлінді.

Бұл қаражатқа 24 трактор мен автобус, 25 ағаш отырғызу машинасы, сондай-ақ соқа, қопсытқыштар және тағы басқа қосалқы техника сатып алынды. Нәтижесінде өңірде жасыл-желек отырғызып, күтіп-баптау және өртке қарсы шараларды жүзеге асыратын мекемелердің материалдық базасы 56 процентке жаңарды.

Еркебұлан Таласбаев, Табиғи ресурстар басқармасының орман шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Жалпы 5 жылға жоспарланған екпеталдар бойынша 60 млн төп бекітілген. Норма бойынша, барлығы жоспар бойынша орындалып жатыр. 24 трактор және жаңағы қосалқы бөлшектер қазіргі уақытта 8 лесхоз бойынша, нормаға сәйкес бөлініп берілді.