Астанада Ауғанстан тауар өндірушілерінің көрмесі өтіп жатыр

Бұл ел әлемдік нарықта шафран шайымен белгілі.

Оның бір келісінің құны 5 мың АҚШ долларына дейін барады. Ауғанстан фермерлері жылына 4 тонна шай жинайды. Ол негізінен Герат провинциясында өсіріледі. Сондай-ақ көрмеде дәстүрлі шығыс тауарлары – кептірілген жемістер, парсы кілемдері, зергерлік бұйымдар, құрылыс, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, азық-түлік өнімдері жұрт назарына ұсынылды.

Бүгінгі шарада ірілі-ұсақты 70-ке жуық компания тауарларын таныстырды. Айта кетейік, көрме ертең түсте жабылады.

Жамал Насыр, Ауғанстан кәсіпкері:

- Біздің кілемдер қойдың, қозының жүнінен тоқылады. Барлық шаруа қолмен жасалады. Бір кілемді тоқуға 3 айдан астам уақыт қажет. Мәселен, көлемі 2 де 3 метр кілемді 3 адам 7-8 ай тоқиды. Сәйкесінше бағасы да қымбаттау болады. 2 мың долларға дейін бағаланады.

Құлшан Жора, қала тұрғыны:

- Шафран шай алдым, ауған шай. Денсаулыққа өте пайдалы. Үнемі мен үйде қолданамын. Жүрек, қан қысымы – бәріне өте пайдалы. Өте жақсы шай, бағасы да өте күшті екен.