Елдегі барлық спорт алаңдары жаппай тексеріледі

Елдегі спорт алаңдары жаппай тексеріледі.

Мұндай шешім Астанадағы №10 мектеп аумағында болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданды. 10 жастағы жеткіншектің үстіне футбол қақ-пасы құлап, бала сол жерде қайтыс болған. Қазір осыған қатысты 306-шы бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Бұл жөнінде бүгін, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Ведомство жетекшісінің сөзінше, қазір арнайы комиссия құрылды.