Павлодар облысында фототұзаққа жабайы аңдар түсіп қалды

Камераға тура қарап тұрған бұлан.

Ойнақтап жүрген еліктер. Жануарлардың қызықты сәттері «Ертіс орманы» табиғи резерватындағы фототұзаққа түсіп қалды. «Жасырын құрылғы жабайы аңдарды таспаға түсіріп қана қоймай, қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді», - дейді резерват қызметкерлері. Аптап ыстықта ормандағы биотехникалық шаралар күшейтілген. Елуден астам жасанды су қоймасы күн сайын тазартылып тұрады. Қазір жем-шөп қоры дайындалып жатыр.

Айта кету керек «Ертіс орманы» табиғи резерватында аң аулаудың барлық түріне тыйым салынған.