#AbayChallenge қатысушылары белсенділік танытты

Әнші Димаш Құдайбергеннің Абайдың туған күніне арнап жариялаған челленджін әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын өлеңсүйер қауып іліп әкетті. 

Бірнеше сағаттың ішінде жүздеген адам AbayChallenge хештегімен  бейне жазбаларын жариялады. Отандастарымызбен қатар, Испания, Италия, Эстония, Аргентина елдерінің тұрғындары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін өз тілдерінде оқып жарысты. Димаш Ұлы ақынның туған күні қарсаңында  әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы челендж жариялағанын жеткізген болатын. Оған қатысу үшін ақынның кез келген шығармасынан үзінді оқып, AbayChallenge хештегімен видео жариялау керек.