Отандық ғалымдар сиыр сүтін алмастыратын өнім ойлап тапты

Жоба қазір ғылымды коммерцияландыру сатысынан сәтті өтіп, өндіріске дайындалып жатыр.

Демек өсімдіктен жасалған сүт сусындарының нарыққа шығатын күні алыс емес. 

Әрине табиғи сүтке ештеңе жетпейді. Мәселен күнделікті қолданатын сиыр сүті қоректік заттар мен дәрумендерге бай. Құнарлылығы тағы бар. Тек осы сүтті іше алмайтын адамдар бар. Ұнатпағандықтан емес, лактозаға аллергиясы бар жандар амалсыз сүттен бас тартады. Ғалымдар әлем халқының 75 пайызы осы лактозаға төзбей аллергиямен арпалысатынын айтады. Біздің елде де әсіресе балалар арасында жиі кездесе бастаған. Алайда ғалымдар оның да жолын тапты. Астаналық ғалым Гүлназым Оспанқұлова сиыр сүтіне балама ойлап шығарды. Яғни, арпа, бидай, сұлы, күріш және соя өсімдігінен сүт жасайды. 

Гүлназым Оспанқұлова, жоба жетекшісі:

- Жобамызда қарастыылған өсімдік негіздегі сүт алмастырғыштары ойлап тауып, жүзеге асырып, Қазақстанда шығармақшы болдық. Ғылым қоры арқылы грант ұтып алдық, алдында зерттеу өткіздік, зерттеу нәтижеге алып келдік. Сол нәтижелерді енді қазір грант арқылы үлкен өндіріске шығармақшы болып отырмыз.

Автор жобаның өндіріске толық дайын екенін айтады. Қазір ғылым қорының грантымен арнайы жабдықтарға тапсырыс беріп, зауыт ашу жұмыстарын бастаған. Айтуынша, зауыт күніне 8 мың литр өсімдік сүтін шығаруға қауқарлы болмақ. Бұл ішкі нарық сұранысын толық қамти алады дейді.

Марат Мұратхан, коммерцияландыру жөніндегі маман:

- Сапасын бақылау мақсатында осы жерде өңделіп дайындалады. М/лы мына реакторларды, бидайларды ұнтақтатып, бидай, арпа деген сияқты заттардың бәрін ұнтақтатып, осы жерде лабараториялық жағдайды сапасын анықтау және рецебін дайындау мақсатында мамандармен өңдейміз.

Оның ішіндегі белок құрамына, дәмдік сапасына байланысты, органикалық қасиеттеріне байланысты баға беріп, рецебін өзгерту туралы мамандармен қалай жақсарту мақсатында кішкентай цех ретінде дайындаймыз.

Өсімдік негізіндегі баламалы сүт өнімдеріне қазірден сұраныс көбейе бастаған. Әлемдік журналдарға шыққан біздің ғалымның мақаласын көрген қытайлық ғалымдар ұсыныс жасап, қызығушылық танытқан. Елімізде сүтті алмастыратын шетелдік баламалар бар. Дүкен сөрелерінде де самсап тұр. Алайда отандық биологтар олардың сапасына күмәнмен қарайтынын жасырмады. Әрі бағасын кез-келгеннің қалтасы көтере алмайды. Сондықтан отандық өнімнің құнын қолжетімді етпек.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Мерей Жеңісқызы, Асхат Қарақойшиев