Маңғыстау облысындағы жағдай штабтың бақылауында

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, бірінші энергоблогтың жұмысы уақытша тоқтатылған еді.

Өңірде жедел штаб құрылып, әлеуметтік маңызды нысандарды электрқуатымен қамту мәселесі назарға алынды. Облыстағы бірқатар елді мекендерге электр жарығын кезекпен беру шешімі қабылданды. Яғни, жарық 3-5 сағатқа сөндіріліп отырады. Қазір аймақтағы жағдай штабтың жіті қадағалауында.

Нұғиев Өмірбек, “МЭРК” АҚ орталық-реттеу қызметінің бастығы:

- Маңғыстау облысының басшылығымен жедел штаб құрылды. Оған барлық коммуналдық қызметтердің өкілдері кірді. Маңғыстау облысының әр жеріндегі елді мекендерде жарықты циклдық, яғни кезегімен өшіру туралы шешім қабылданды. Өз тарапымыздан Маңғыстау өңірінің тұрғындарына апатты жағдай толық жойылғанша электр энергиясын үнемді пайдалануға үндейміз.