Павлодар облысында 12 мың оқушыға көмек көрсетіледі

Павлодар облысында көмекке мұқтаж оқушылардың бірыңғай базасы жасалды.

Бұл тізімге 12 мың бала енді. «Мектепке жол» республикалық акциясымен барлығына материалдық көмек көрсетіледі. Мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарымен қамтылады. Қазір демеушілер және әлеуметтік серіктестермен бірлескен жұмыс атқарылып жатыр. 1600-ден астам ұл-қызға керек-жарағы сатып алынды.

Айта кетейік, былтырдан бастап, оқыту қоры есебінен әрбір балаға қажетті бірыңғай қаржы көлемі есептелді. Балалардың заңды өкілдерінің есепшотына   47300 теңгеден аударылды.

Роза Ақанова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Тұрғындардың өітініштері бойынша жедел әрекет ету мақсатында сенім телефондары мен шұғыл желі іске қосылды. Мамандар 600-ден астам рейдтік шара өткізді. Біз аз қамтамасыз етілген отбасылардың үйлерін аралап, оқушылардың дайындығын тексердік. Демеушілердің де белсінделігі жоғары. Осы күнге дейін 700-ге жуқы балаға көмек көрсетілді.