Маңғыстау облысындағы электр энергиясы қалпына келтірілді

Маңғыстау облысындағы электр жарығына енгізілген шектеулер алынып тасталды.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Маңғыстау атом энергетикалық  комбинатындағы №3 энергоблокта жөндеу жұмыстары аяқталды. Үздіксіз жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді. Одан соң энергоблок іске қосылды. Сөйтіп, 19 тамызда энергоблок жұмысы толық жанданды. Бүгінгі сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясымен қамтудағы шектеулер жойылды.