Қаржы пирамидасы. Шымкентте компания басшылары күдікке ілінді

Шымкентте қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен компания басшылары анықталды.

Олар жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбаған. Келтірілген шығынның сомасы 700 миллион теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- ПК «Асар Баспана» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізуде. Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.