Президент «Қазақстан халқына» қорының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасын қабылдады.

Болат Жәмішев ел Президентіне қордың жұмысы жайында есеп берді. Былтыр қаңтарда құрылған  қор қысқа уақытта қайырымдылық жасаудың ұлттық моделіне айналды. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында негізгі мәселелерді шешуге атсалысты. Жалпы сомасы 146,5 миллиард теңге болатын 40-тан астам қайырымдылық жобаны қаржыландырды. Қор бағдарламарында әсіресе ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға басым беріледі.