Алматыда Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өтіп жатыр

Оған отанды дәрігерлермен қатар Жапония, Корея, Үндістан, Ресей, Беларусь, Литвадан келген сала мамандары мен ғалымдар қатысып жатыр.

Шетелдік мамандардың айтуынша, соңғы кезде қазақстандық хирургтердің жетістігі кісі қызығарлық. Дәрігерлер транспланталогия бойынша ең күрделі ем-дом шараларын жоғары деңгейде жасап жүр. Әсіресе бауыр, бүйрек пен ұйқы безіне операция жасаған кезде бірегей әдіс-тәсілдерді қолданады. Ал конгресс тәжірибе алмасып білік-дағдыларының аясын кеңейтуге, сондай-ақ хирургия саласындағы инновациялар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Биылғы басқосу академик Мұхтар Әлиевтің 90 жылдығына арналды. Ол еңбек жолын ауыл дәрігері болып бастап, Денсаулық сақтау министріне дейін көтерілді. 13 мыңнан астам операция жасады.  

Болатбек Баймаханов, "А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО" АҚ басқарма төрағасы:

- Ол мектептен шыққан шәкірттер, өкілдер қазіргі таңда Қазақстан хирургиясын алға жылжытып келеді. Өте жоғары халықаралық деңгейге көтерді. Шет елдер біздің орталықтың жұмысын жақсы біледі. Сондықтан, сол кісінің хирургия саласына, Қазақстан медицина саласына жасаған еңбегін ескере отырып осындай халықаларық конгресс жасап жатырмыз.