Елордада қоғамдық тәртіпті бұзғандар айыппұл төледі

Жыл басынан бері қоғамдық орында түкірген мыңнан астам Елорда тұрғынына 19 млн теңге айыппұл салынды. 

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаментінде хабарлады. Биыл бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою іс-әрекеті жеке бап ретінде енгізілді. Бап бойынша зиян көлемі 200 АЕК-тен аспайтын құқықбұзушылық жасаған азаматтар әкімшілік жазаға тартылады. Көбінесе бұзақылар автокөліктерді зақымдап, көшедегі электронды техниканы, самокаттар мен велосипедтерді сындырады. Осы уақытқа дейін 10 адам 15 тәулікке дейін қамалып, 50-ге жуығына 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Арман Айтмағанбетов, қалалық ПД ЖПҚ басқармасының бастығы:

- Бізде болды, бір кісі машинамен жүріп, есікті ашып, түкіріп жатыр проезжая частьқа. И сондай факт болды, инстаграммен бізге жіберді. Уақыт жіберді, сағатпен жіберді. И сосын анау водительға мынау статьямен хаттама толтырдық.

Ал шығын сомасы 200 АЕК-тен асқан 24 оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлер 7 автокөлік пен 6 пәтерді өртеп жіберген. Егер, айыптының жасы 16-ға толмаса, ата-анасы жауапқа тартылады. Астанада жыл басынан бері 14 мыңнан астам адамға жалпы сомасы 216 млн теңге айыппұл салынды.

Айдын Оразбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы:

- 6 наурыздан бастап 200 айлық есептік көрсеткішке жетпейтін шығындар, бәрі осы 147-баппен қарастырылатын болады. Бұл 147-баптың 1-ші бөлігі бойынша адамдарды 20 айлық есептік көрсеткішке немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Осы бап енгізілгеннен бастап осы бап бойынша 958 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.