СҚО-да диқандарға қосымша дизель отыны бөлінді

Президент тапсырмасы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларына астық кептіруге қосымша 20 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді.

Тамыз айының соңы  жауын-шашынды болып орақ науқаны кідіріп қалғаны белгілі. Күннің қолайсыздығы өнімнің сапасына да кері әсерін тигізді. Оған дейін орылған бидай кеппей әрі алқаптары ылғал басып, шөп өсіп кетті. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, қазір облыс бойынша 2,2 млн. тонна астық жиналған. Бұл жалпы көлемнің 59 пайызы. Бидайдың шығымы гектарына он жарым центнерден айналды.

Мейрам Меңдібаев, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Облыста 48 элеватор. Сол қоймалардың көлемі 6,9 млн. тонна. Ойлаймын осы күздік жұмысқа бидай жинағанға бәріне қоймалардың көлемі жетеді. Қазір біз мынау электронды арқылы регеистарицияны өткізді сол қоймалар бәрі. Енді арыздарды қабылдап жатыр.