«Адал еңбек» телемарафонына қарағандылық Нұржан Аяшов қатысады

Еңбек күні қарсаңында «Хабар» арнасындағы телемарафонға қарағандылық Нұржан Аяшов та қатысады.

Ол «Нұрқазған» кенішінде 21 жылдан бері жұмыс істейді. Жеті қат жер астындағы жауапты жұмыстың жайын ертең тікелей эфирде айтып береді. Нұржан 21 жылда саланың білікті маманына айналды. Ашық дереккөздерде мұндағы мыс оры 1,8 млн тоннаға жетсе, алтын қоры 72 тонна деген мәлімет бар. Кеніште мыңнан аса адам еңбек етеді.

Нұржан Аяшов, кенші:

- Ең қауіпті жұмыс осы проходка деп ойлаймын. Өйткені төбеден келетін қауіп көп бізде. Біздің жұмыстың ерекшелігі – бұрғылау, арттыру жұмыстары , ең ауыр жұмыс болған соң проходка өзіміз бұрғылаймыз, өзіміз бекітеміз төбені, өзіміз аттырамыз. Соның бәрі сол салаға келеді. Өте қуаныштымыз мына телемарофон бұл еңбек адамына беріліп жатқан бұлда бір жұмысшы адамдарды қолдау деп ойлаймын.