«Семей орманы» табиғи резерватында еңбек өтілі 600 жылдан асатын орманшы әулеті бар

Еңбегімен еленген.

«Семей орманы» табиғи резерватында еңбек өтілі 600 жылдан асатын орманшылар әулеті бар. Осы мекемеге қарасты Каштак орман шаруашылығында әкелі-балалы Нұрасыловтар қарағайлы алқапты көздің қарашығындай сақтауға үлес қосып жүр. 

Наурызбай Нүрекенов «Семей орманы» табиғи реверватының Семей филиалы Каштак орман шаруашылығында 9 жылдан бері еңбек етеді Мемлекеттік инспектор өзіне қарасты аумақтағы қарағайлы орманды қарауылдаумен шектелмейді. Жылдың әр мезгіліне орай әртүрлі жұмыс атқарады.  

Наурызбай Нүрекенов, Каштак орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы:

- Шөп дайындаймыз. Шөп шабу арқылы. Теректің, қайыңның бұтасын кесу арқылы сыпыртқы ретінде дайындап, кептіріп қоямыз. Содан кейін жем салатын астаулардың орындарын дайындаймыз2.00скл0.45 Қазір аңдарға жем жинап жатырмыз. Мына жолдарды тазалаймыз. Простика дейміз, осыны жыртуға көмектесеміз тракторшілерге. Патрульдік уазикпен алдында жүріп отырамыз. Ағаш жатса кесіп, жолдан алып тастап, сондай жұмыстарды жасаймыз  

Театр киім ілгіштен басталса, жайқалған қарағайлы орман бармақ басындай бүршіктен басталады. Оны мұқият жинау да орманшылардың міндеті.  

Азамат Қасым, тілші:

- Орманшылар мына бүршікті қар түскенде жинап, тұқымбаққа өткізеді. Сол жерде екі жылдай өсіріледі. Ал мынадай қарағай өсіп шығуы үшін шамамен 50-60 жыл уақыт керек. Бұл орманшылардың ыждахатты еңбегін қажет етеді. 

Каштак орман шаруашылығында Наурызбайдың әкесі мен туған інісі де жұмыс істейді. Әкесі Нұрлан Нұрасылов осында 2007 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Жиырма жыл ішінде талай өрттің куәсі болған. Бірақ биылғы жаздағыдай алапат өртті ешқашан көрмепті. Қызыл жалынмен күн-түн демей 8 күн арпалыстық деп еске алады.   

Нұрлан Нұрасылов, Каштак орман шаруашылығы орман өрті стансасының бастығы:

- Менде 4 смена бар. Күніне 24 сағат күнара істеп отырды. Өйткені екі машина бар. Төрт группа бар. Сол төрт адам күнара шығып, осыған шыдады. Адам да жанып кетті. 15 адамнан айырылдық. Оның өзі өкініш. Кейде көзіңе жас аласың. Ондай жағдай болмасын енді. Ол үшін не істеу керек? Жұмысшылардың жалақысын көтерсе, жаңа техника әперсе.    

Дидар Қабылқанов, Каштак орман шаруашылығының басшысы:

- Нұрлан Нүрекешұлының істегеніне 20 жылға жуықтады. Былай айтсақ өз жұмысына жауапты адам. Тракторшыдан бастаған, басшыларымыз сеніп, бұл кісіні орман сөндіру стансасының басшысы қылып қойған. 2018 жылдан бері. Жұмысына тиянақты. Ұжымымызда сыйлы азаматтар. Ұлы жауапты орманшы. 

«Семей орманы» табиғи резерватында орманшылар әулеті аз емес. Кейбірінің еңбек өтілі 600 жылдан асады. Ал Семейдің іргесіндегі Каштак орманшылығында үш орманшы отбасы еңбек етеді.

Азамат Қасым, Медет Өмірханов