Жезқазғанда «Ақылды аула» жобасы жүзеге асырыла бастады

Оның аясында қаладағы үйлердің айналасына жаппай бейнебақылау камералары орнатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық әкімдік жыл соңына дейін 100-ге жуық ауланы қамтуды жоспарлайды. Қазір 66 аулада бақылау камерасы пайда болды. Құрылғылар тұрғындар қауіпсіздігімен қатар ауланың тазалығын және мемлекет мүлкінің сақталуын қадағалайды.

Нұрек Әуезов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Бүгінгі күнге дейін «Ақылды аула» жобасының аясында Жезқазған қаласында 649 камера орнатылып аяқталған. Осы жылдың аяғына дейін 850 камера орнатылады деген жоспар бар. Бұл камералар Жезқазған қаласының полиция басқармасының орталықтандырылған камерасына жалғанады. Камералар орнату келесі жылға да жоспарланған. Қазіргі уақытта қаланың 70-ы қамтылады.