Елордада құтқарушыларға арналған фотокөрме өтіп жатыр

«Ризамыз құтқарушы». Осындай атаумен елордадағы «Атырау» көпірінде фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара кез келген төтенше жағдайда өз өмірін қатерге тіге отырып қызметін адалдықпен атқарған жандардың құрметіне арналды. Көрмеге келушілерге QR коды бар 112 портрет ұсынылған. QR кодты сканерлеу арқылы фотодағы құтқарушылар туралы, олардың жасаған ерліктері жайлы мәліметпен танысуға болады. Ал қара тақтайшада орналасқан QR код арқылы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан 11 құтқарушының өмір тарихы жазылған. Көрме 20 қазанға дейін жалғасады.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- 30 жыл ішінде өте көп көрсетілді. 1,6 млн шығу болды. 400-ге жуық адам құтқарылды. 300-ден астам адамға эвакуация көмегі көрсетілді. 70 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Құтқарушылар күнделікті жұмысқа бара жатып, өз жұмыстарының қауіптілігін біледі. Біз олардың жұмысын жоғары бағалаймыз.