Түркістан облысындағы газ тарату станциялары жылу беру маусымына дайын

Түркістан облысындағы газ тарату станциялары жылу беру маусымына дайындықты аяқтады.

Өңірдегі 29 станцияның тоғызы биыл жаңғыртылды. Мамандар алдағы жылу беру маусымында тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға үндейді. Газ пешті қолданар алдында түтін мұржаларын мұқият тексеріп, техникалық қызмет көрсету сапасын анықтап алу қажет. Себебі дұрыс қолданылмаған газ адам өміріне аса қауіпті. Былтыр аймақта 83 оқыс оқиға тіркелген. Соның салдарынан 186 адам зардап шегіп, 14 тұрғын ажал құшты.

Ғани Балғынбек, газ таратушы компанияның бөлім басшысы:

- Газ жанған кезде жартылай мөлдір, көгілдір болып жануы керек, егер дұрыс жанып жатса. Дұрыс жанбаған жағдайда ол қызғылт, сары, кейде қара болады. Бұл дұрыс жанбай угарный газ бөлініп жатыр деген сөз. Угарный газдың 1%-ның өзі сол бөлмедегі адамның өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан бізде газ орнатылған бөлмеде автоматты газ сөндіру жүйесі бар. Газ шықса өшіріп қояды. Ол бөлмеде желдеткіш каналы болуы керек.