«Қазпоштаға» 30 жыл толды

Мемлекет басшысы «Қазпошта» қызметкерлерін 30 жылдық мерейтоймен және Дүниежүзілік пошта күнімен құттықтады.

Салтанатты жиында Президенттің хатын Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев оқып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде «Қазпошта» өзінің дамыған инфрақұрылымы арқылы шағын және орта бизнесті қолдауда айрықша рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:

- Ғасырлар бойы батыс пен шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы біздің еліміз арқылы өткені мәлім. Бүгінде Қазақстанның Еуразияның транзиттік торабы, логистикалық хаб ретіндегі рөлі едәуір артып келеді. Осы тұрғыда мыңдаған қызметкері бар «Қазпошта» ұжымы еліміздің көлік және логистика әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосатынына сенемін.

Жиын барысында қызметкерлерге құрмет грамоталары табысталды. Салтанатты марапаттаудан кейін «Қазпошта» басшысы Әсел Жанасова ұжымға осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктері, еңбегі үшін алғысын білдірді.