Қызылорда облысында дәрігерлер үшемнің өмірін сақтап қалды

Қызылорда облысында осыдан 1 ай бұрын шала туған үшемдер перинаталдық орталықтағы емді толық аяқтап, үйіне шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жарық дүниеге келген бойда, жансақтау бөліміне түскен. Өйткені шақалақтардың салмағы аз және әлсіз болыпты. Әмина, Мәдина және Ясина есімді сәбилердің анасы – 30 жастағы қала тұрғыны Алтынай Байназарова. «Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында сәбилерім толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне ие болды», - деді үшемнің анасы.

Алтынай Байназарова, үшемнің анасы:

- Көңіл күйімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет сезімдемін. Барша сәби аңсап жүрген қыздарға осылай үшем бұйырсын деймін.

Мая Мирзанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жылдың басынан бері осы күнге дейін 15 мыңға жуық нәресте облыс бойынша дүниеге келген. Оның ішінде 120-і – егіз нәресте, бұл – облыс бойынша үшінші үшем. Ол үшемдер жасанды ұрықтандыру жолымен босанған болатын аналары. Бұл нәресте – табиғи жолмен дүниеге келген нәрестелер.