Оралда Мұрат Каримуллиннің 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Оралда күйші, дәстүрлі әнші Мұрат Каримуллиннің 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Мазмұнды шарада көзкөргендер, оның еңбек жолы жайлы естеліктерімен бөлісіп, өнерпаздар шығармаларын дәріптеді. Мұрат Каримуллин қазақ өнерінің ғана емес, отандық журналистика саласының дамуына үлес қосқан. Телеарнада дыбыс режиссері, редактор қызметтерінде болып, музыкалық бағдарламалардың ажарын ашты. «Оның сыршыл күйлері мен, терме-толғаулары, халық жадында», - дейді замандастары.

Қарлығаш Мұртазина, әріптесі:

- Аяулы досымыз, өз маманының майталманы Мұратпен қаншама хабарлар жасадық. Мұрат хабарларды жүргізді, сценарийлер жазды. Сол хабарларын жүргізіп отырғанда домбырасын қолына алып, термені де тартатын, орындайтын. Сол хабарлар қазір қазақ телевизиясының алтын қорында сақталған.