АЭС салу жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті

Көкшетауда елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне арналған қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған атом саласының сарапшылары, қоғам өкілдері қатысып, технологиялық қауіпсіздік, атом электр стансасы құрылысының әлеуметтік-экономикалық көрінісі жайында ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айындағы Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу жөніндегі мәселе жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін айтқан еді. Ал оған дейін бұл тақырып қоғамдық талқылаулар арқылы жан-жақты қарастырылуы қажет.

Асхат Бекбаев, Қазақстан Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері:

- АЭС салынуын біз қазірден бастап талқыламасақ, болашақта біз әбден осы энергияға тәуелді болып қалуымыз мүмкін. Енді осы Қазақстанда қанша компетенциялы мамандар бар екенін осы АЭС салуға. Әрі қарай даму үшін электр энергия керек. Ол зауыт салу үшін электр энергиясы керек. Әртүрлі кіші бизнестерге де электр энергиясы керек.