«Хабар» агенттігіне – 28 жыл

Осыдан 28 жыл бұрын «Хабар» агенттігі құрылды.

1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің базасында ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттік қызметін бастады. Бір кездері «Хабарда» алғаш еңбекке араласқан мамандар қазіргі таңда есімі көпке танымал қайраткерлерге айналды.

Бүгінде агенттік құрамына «Хабар», «Еларна» және тәулік бойы ақпарат тарататын «Хабар 24» телеарнасы кіреді. Агенттіктің еліміздің барлық өңірі мен бірнеше шет мемлекетте тілшілер қосыны бар. АҚШ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия және Өзбекстанда өкілдіктер жұмыс істеп тұр. Арналар түрлі мазмұндағы сапалы өнімді көрермен назарына ұсынып келеді. Жаңалықтар, сериалдар, көркем және деректі фильмдер, алуан бағыттағы бағдарламаларға көпшіліктің ықыласы зор.

«Хабар» телеарнасы биылғы маусымда 7 жобаны таныстырды. Сондай-ақ ел тарапынан ерекше сұранысқа ие болған 22 жоба жалғасын тапты. Ал «Еларна» эфирінің 30 пайыздан астамын агенттік өнімдері құрайды. Арна биыл жастар аудиториясына айрықша көңіл бөлмек.