Қазақстанда жастар үшін бар жағдай жасалған

Берілген мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана білу керек. Бұл жөнінде қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов айтты.

Мереке қарсаңында ол Президенттің қолынан «Ел бірлігі» орденін алған.

Айта кету керек, бұндай марапат Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін табысталады.

Акбаржон Исмаилов, ҚХА төрағасының орынбасары:

- Осындай үлкен марапатқа ие болып жатқаным осы жастарды Президентіміздің қолдауы деп есептеймін. Өйткені қазір, өзіңіз білесіз, жастар – еліміздің болашағы. Мен де – сол жастардың бірімін. Еліміз үшін, жеріміз үшін әрқашанда қызмет жасауға дайын екенімді көрсеткім келеді.