Қарағанды облысында қызылша өрши бастады

Қарағанды облысында да қызылша өрши бастады.

Маусым айында 13 жағдай тіркелген болса, қарашада 72 адам вирус жұқтырған. Инфекция әсіресе балалар арасында кең тарап жатыр. Оның ішінде бір жасқа дейінгі шақалақ көп. Оған себеп жасқа толмаған балаларға вакцина салынбайды. Жалпы қызылша жұқтырғандардың 81 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. 85 проценті қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Жанна Рашитова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

- Бұл қызылша инфекциясы өте ұшқыр. Мәселен, бір кіреберістен алсақ бірінші қабаттан бір адам ауырса, ол 25-этажға дейін көтеріледі бұл аурудың вирустары. Сосын 25-қабаттағы адамдар ауруы мүмкін. Қызылшаның ең басты профилактикасы ол екпе алу.