Нарықта жүгері арзандады

Бұл былайғы жұртқа тәуір болғанмен шаруашылықтарға қиын соғып тұр.

Себебі былтыр дақылдың әр келісі 120 теңгеден қабылданса, биыл баға екі есеге дейін құлдыраған. Сондықтан табыссыз қалуымыз мүмкін дейді жетісулық диқандар.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Жаркент өңірінің шаруалары 27 мың гектарға дала аруы атанған дақылды септі. 120-140 күн ішінде жүгері пісіп жетілді. Қазір дихандар күзгі жиын терін науқанын жүргізіп жатыр. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар бір собықтан екі бас жүгері алды.

Аймақтағы ең ірі шаруашылықтың бірі биыл 800 гектарға жүгері септі.  Орташа есеппен гектарынан 120 центнерден өніп алып жатыр.

Жәнібек Оханов, шаруашылық жетекшісі:

- Биыл пайда табамыз деп айта алмаймыз. Баға жоқ биыл. Былтыр 120 теңгеден сатылған болса 15 влажностьті 85 теңгеден қойып отыр. Қазір онда 15 влажностьті алқаптан алу мүмкін емес. 20-25-30-ға дейін барады влажность. Сол себепті, үкімет тарапынан көмек көрсетіп, шаруаларға көмек жасамаса бағаны реттеп, жағдай жасамаса келесі жылға шаруалар ойлана бастайды. Еге ме екпей ме?

Панфилов ауданында төрт мыңға жуық шаруашылық жүгері өсіреді. Қазір олар өнімін жинап, қырманда кептіріп жатыр. Себебі құрғақ дақылдың бағасы сәл  жоғары. Аймақта өсірілген жүгерінің басым бөлігін жергілікті зауыт қабылдайды. Өндіріс орны биыл дала еңбеккерлеріне былтырғыдай баға ұсына алмаймыз,- дейді.

Вилиян Халиков, зауыт директоры:

- Ресей бағаға демпинг жасап отыр. Бағаны нарық қалыптастырады. Біз жүгеріні қабылдап алып, крахмал сатамыз. Яғни крахмал бағасының түсуінен шикізаттың бағасын көтере алмаймыз. Нарықтағы жағдай жақсаратын шығар деп үміттеніп отырмыз.

Жүгері қабылдайтын кәсіпорындар арасында бәсекелестікті қалыптастыру үшін құрғақ портта екі бірдей зауыт салынған. Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасымен іске қосылған нысандар да жағдайды жақсартуға ықпал ете алмай отыр.

Марат Сағымбек, Панфилов ауданының әкімі:

- Инвест проектпен салынған үлкен жүгері және комбикорм зауыты жұмысын жасап жатыр. Олар былтырғы қабылдаған өнімін өңдеп бітірмей отыр. Жаркент крахмал зауытының өзінде былтырдан қалған 35 мың тонна жүгерісі бар. Өңделмеген. Крахмал патоканың бағасының түсіп кетуіне байланысты өнімі өтпей тұр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар қалыптасқан күрделі ахуалдан хабардар. Олар мәселенің шешу жолын қарастырып жатырмыз дейді.

Бақтияр Шампиков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір бізде келіссөздер жүргізілуде. Мына экспортқа шығаруға мүмкіндікті қараастырып жатырмыз. Олар Ортаз азия елдеріне Афганистан Пакистанға шығару мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Біз оларға қандай шаруашылықтар бар қандай көлемде өнім жинап алуға мүмкіндік бар екенін көрсеттік. Енді олар логистика жағынан маржа жағынан есептерін жүргізіп жатыр.

Жетісу облысында 57 мың гектарға жүгері себіліп, 374 мың тонна өнім жинау жоспарланған. «Шаруалар аталған дақылды шетелге шығарса нарықтағы баға көтеріліп, еңбегіміз ақтала ма»,- деп үміттеніп отыр.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев