Астаналық кәсіпкерлер ₸17 млн айыппұл арқалады

Жыл басынан бері көкөніс және жеміс-жидек сатумен айналысатын астаналық кәсіпкерлерге 17 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлер палатасына осылай деп шағымданғандар инспекторлардың бұл әрекеті негізсіз деп отыр. Заң бойынша саудагерлердің өнімдеріне каратиндік және фитосанитарлық сертификаттар болуы керек. Бірақ кәсіпкерлер сол бір құжатты дер кезінде алу мүмкін емес дейді. Одан бөлек, сертификатты алуда қиындықтарға тап болып жататынын алға тартады. Енді мәселені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз бақылауына алмақ.