Елде 3 күн бойы ауа райы құбылмалы болады

Елде алдағы 3 күн бойы ауа райы құбылмалы болады.

Қазгидромет мәліметінше, оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Астанада ауа температуарасы 1 градусқа дейін төмендейді. Жалпы республика бойынша жел күшейіп, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Барлық аймақты қалың тұман басады.

Махамбет Маратов, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ күтіледі. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде 2 аяз, 3 жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.